Алматыда күдікті оны ертіп келе жатқан полицейлерден қашып кеткен 27 шілде 2017, 11:53

Оқиға кеше Алмалы аудандық сотының маңында болған.
Ұрлық үшін ұсталған күдікті Алмалы аудандық сотының маңында оны алып келе жатқан полицейлерден қашып кеткен. Бұл туралы қалалық ІІД-нің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылған. Оқиға кеше, 26 шілдеде болған.
"Ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған 1984 жылы туған Баймұханбетов И. Б. Бостандық ауданының ІІБ-ның маңындағы полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде Шәріпов көшесінде ертіп келе жатқан полицейлерден қашып кеткен", - деп хабарлайды ІІД өкілдері.
Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары мен қашу бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.