13 наурыз 2021 | 19:16

Алматыда құлаған АН-26 ұшағы туралы не белгілі?

Фото: Андрей Бакаенко

Tengrinews.kz тілшісі Алматыда құлаған ұшақ туралы мәлімет іздестірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі Алматыда құлаған ұшақ туралы мәлімет іздестірді.

ТЖМ мәліметінше, апат туралы ақпарат 13 наурызда сағат 17.25-те түскен. Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы Ан-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына апатты жағдайда қонған. 

Ан-26 - Антонов конструкторлық бюросында жасалған кеңестік әскери ұшақ.

Реклама
Реклама

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл бастапқы АН-24 моделінің модификациясы. Ұшақ жүк тиеуге және оны түсіруге ыңғайлы құрастырылған. Ан-26 екі АИ-24ВТ турбиналы-винтті қозғалтқышпен және негізгі қозғалтқыштың оң гондоласында орнатылған бір қосымша РУ-19А-300 реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Дереккөздің мәліметінше, мұндай типтегі ұшақтар Әуе қорғанысы күштері мен ҰҚК Шекара қызметінде қолданылады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұшақ құлағаны хабарланған болатын.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді. 

"Оқиға болған жерде өрт сөндіру бөлімінен 9 адам, бір техника және Республикалық жедел-құтқару жасағының бір кинологиялық есебі, Алматы құтқару қызметінен 5 адам, бір техника барды.

Сондай-ақ, Алматы облысының "ӨСжАҚЖҚ" ММ-нің 2 техникасы мен Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің 4 техникасы жұмыс істейп жатыр", - деді ТЖМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная