Алматыда Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр: Тікұшақ жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр: Тікұшақ жіберілді © SkyView Kz

Алматыдағы Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Құлжа тасжолында қоймалар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Өрт 28 маусымда шамамен таңғы сағат 06.00-де басталған. Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Қайрат ықшамауданы, Тәттімбетов көшесі, № 282 үйдегі қойма ғимараттарынан өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ангарлық типтегі қоймалардан өрт шыққан. Өрттің аумағы - шамамен 3 000 шаршы метр. Өртті сөндіруге Алматының Өрт сөндіру қызметінің 75 қызметкері мен 20 дана техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайды жоюға тікұшақ жіберілді. Кейінірек қосымша мәлімет беріледі", - деп хабарлады ведомство өкілі.


© ҚР ІІМ ТЖК

Қазіргі уақытта портал оқырмандары өрттің суреттері мен видеоларын жариялап жатыр.


© SkyView Kz

 Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.04  course up  601.1  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети