Алматыда Райымбек пен Сейфуллин даңғылдары бойындағы көпір аумағы күмәнді қорап үшін қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Алматыда Райымбек пен Сейфуллин даңғылдары бойындағы көпір аумағы күмәнді қорап үшін қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Иесіз қалған қорап туралы ақпарат тұрғындардан шамамен сағат 8.20-да келіп түскен. Барлық жедел қызмет өкілдері оқиға орнына дереу жеткен. Аумақты қарап шыққан соң Сейфуллин даңғылы Тобаяқов көшесіне жақын орналасқан жерде жатқан қораптың ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды. "Эвакуация болған жоқ. Барлық жедел қызметкер тәртіп бойынша жұмыстарын істеді. Тұрғындарға рақмет. Осындай заттарға назар аударып, бізге хабарлап отырады", - деді Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер полицей қызметкерлерінің көпірдің астын қоршап, Сейфуллин даңғылы бойындағы солтүстікке барар бағыттағы қозғалысты тоқтатқаны көрсетілген видеоны жолдады.