25 мамыр 2023 | 09:23

Алматыда курьер дәмханадан 15 мың теңгенің тапсырысын алып қашып кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда курьер дәмханадан 15 мың теңге тұратын тапсырысты алып, қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда курьер дәмханадан 15 мың теңге тұратын тапсырысты алып, қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға биыл 15 мамырда болған. Оқиға туралы редакцияның WhatsApp-нөміріне 39 жастағы қала тұрғыны жазған. Сағат 22:00 шамасында ол әйелімен Сейфуллин даңғылы мен Дулатов көшесі қиылысында орналасқан дәмханаға тапсырыс берген.

"Мен кәуап алдым, әйелім тағы бірнеше тағам қосты. Есеп 15 мың 500 теңге болды. Біз сағат 22:10 шамасында "Яндекстің" курьеріне қоңырау шалып, кафеден тапсырыс берген тағамды алуын сұрадық. Қосымшада ол Ильзат есімімен көрсетілген.

Курьер тапсырысты алуға барды, содан кейін біраз уақыттан кейін ақылы күту уақыты қосылды. Содан мекеме әкімшісі берген тапсырысты алып, басқа жаққа қарай бет алды. Біз көрсетілген қосымша нөмірге қоңырау шалдық, бірақ курьер қоңырауды алмады. Осыдан кейін курьер ауысты, бірақ тапсырысты бірінші курьер алып кетті", - деп бөлісті ер адам.

Содан ерлі-зайыпты кешкі ассыз қалып, кафеге өздері баруға мәжбүр болған.

"Яндекстің" қолдау қызметі такси паркіне хабарласамыз деп жазады. Ал такси паркі "Яндекске" хабарласамыз деп жазады. Яғни, бізді анда-мында сілтеп жатыр.

Содан 18 мамырда полицияға арыз жаздық. Бірақ олар "Яндекске" жазу керек болғандықтан, шағымнан бас тартылатынын айтты. Курьерлер үшін сонда кім жауап береді? Біз қалай әрекет етуіміз керек? 15 500 теңге жоғалттым – бұл менің екі жұмыс күнім", - деп шағымданды ер адам.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы алматылық азаматтың сұрақтарын осы жеткізу қызметіне иелік ететін компанияға жолдады. "Яндекс.Доставка" баспасөз қызметі олар клиентке көмектескенін хабарлады.

"Мұндай жағдай болғанына өкінеміз. Біз мұндай жағдайдың мүмкіндігінше сирек болғанын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз клиентпен байланыстамыз және жағдай қазірдің өзінде шешілді", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Кейін зардап шеккен ер адам редакцияның WhatsApp-нөміріне тағы да жазды. Ол редакция өтінішінен кейін мәселесі шешілгенін атап өтті.

"Қазір "Яндекспен" хабарласты, нәтижесінде олар промо-код арқылы ақшаны өтеп берді. Курьерге хабарласа алмадық дейді. Көмек көрсеткендеріңізге рақмет", - деді алматылық тұрғын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 529.94  course down  546.67  course up  5.21  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer