27 шілде 2022 08:42

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үй ауласы ортасында құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда тұрғын үй ауласы ортасында құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"20 жылдан аса уақыт бойы аулада құрылыс жүріп жатыр. Біз қанша рет жаздық, тоқтатып тастады, содан кейін қайта бастады. Мұнда кран тұрды. Кранның бір бөлігі үйлерге қарсы тұрды. Бізге түсе ме деп қорқып, бірнеше рет жаздық. Міне, ақыры құлады. Адам қаза болды. Ол кран астында қалып қойған", - дейді жақын маңдағы үй тұрғыны.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға салдарынан құрылыс қызметкерлерінің бірі қаза тапқан.

"Ол - жұмысшы, ал кран құрылыс алаңына құлады. Дәл олардың қоршауының маңында ойын алаңы бар, онда балалар дәл сол кезде ойнап жүрді. 20 минут бұрын болды. Жедел жәрдем келді. Бір адам жарақат алды, оған көмек көрсетілді, басын таңып тастады. Өкінішке қарай, екіншісін құтқара алмады... Бәрі түсінікті. Мұның бәрі біздің көз алдымызда, аулада болды", - деді тұрғындардың бірі.

Алматы Полиция департаменті адам өлімі туралы ақпаратты растады.

"Бүгін сағат 17.42-де құрылыс нысанының слесары, 1989 жылы туған Б. есімді азаматқа кран құлап, қаза болғаны туралы хабарлама келді. Қазір жедел-тергеу тобы тергеуге кірісті. Сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді құқық қорғау органдары өкілі.

Сурет куәгерлерден 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети