Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты Марқұмның туыстары ұсынған сурет\ Алматы ТЖД

Алматыда Сәтпаев көшесіндегі құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 3 маусымда сағат 16:00-де болған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Сәтпаев көшесіндегі құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 3 маусымда сағат 16:00-де болған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы қайғылы оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәлімет белгілі болды.

Қайтыс болған адам – техника кабинасында болған кран жүргізушісі. Ол - 61 жастағы Жұмабек Қалдыбаев. Марқұмның туысы Мақсат Жиенбековтің айтуынша, ағасы кран жүргізушісі болып кемінде 15 жыл жұмыс істеген. Артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Жұмабек Қалдыбаев. Суретті туыстары ұсынған

Қазір марқұмның туыстары не болғанын анықтауға тырысып жатыр. Олардың айтуынша, құрылыс басшылығы олармен байланысқа шықпаған.

"Кеше кешке сағат 18:30-да Бостандық ауданының полиция басқармасынан қоңырау шалып, ағамның құрылыс алаңында қаза болғанын айтты. Кран құлаған. Ешкім қалай құлағанын, не болғанын, не себеп болғанын айтпай отыр. Бүгін құрылыс алаңына бардық, бірақ бізді ішке кіргізген жоқ. Басқарушы директорға хабарластық – ол да ештеңе айтпады. Ұйым басшылығы байланысқа шықпай отыр. Бәрі жасырын. Біз тергеудің ашық жүргізілуін талап етеміз", – деді марқұмның жиені Мақсат Жиенбеков.

Туыстарының айтуынша, марқұмның денесі әлі берілмеген. Құрылыс алаңы қазір мөрленген. Кей деректер бойынша, бұл жерде тұрғын үй кешені салынып жатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети