Алматыда 2-3 балл жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мекемесіне сілтеме жасап.
Алматыда 2-3 балл жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мекемесіне сілтеме жасап.
"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 2016 жылдың 12 шілдесінде Астана уақыты бойынша сағат 13.02-де жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Қазақстан территориясында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде болды. Зілзаланың энергетикалық классы - 11,2. Магнитудасы - 5,2", - делінген хабарламада.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі Шығыс Қазақстанда тіркелген. Жер асты дүмпулері Алматыдан 49 шақырымда, Талғардан 38 шақырымда болды. Тереңдігі 4 шақырымда.