Қазақстанда ұсталған Қырғыз Республикасы Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуға қатысты істің тыңдалымы басталды, ол арнайы операция кезінде ұсталған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда ұсталған Қырғыз Республикасы Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуға қатысты істің тыңдалымы басталды, ол арнайы операция кезінде ұсталған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іс бойынша тағы 11 адам бар.
Дамирбек Асылбекуулу ҚР ҚК 264-бабы 1-бөлігі және 234-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа берілді. Есбол Жапбасов ҚР ҚК 264-баптың 1-бөлігі, 234-баптың 3-бөлігі, 287-баптың 4-бөлігі, 385-баптың 3-бөлігі, 194-баптың 4-бөлігі, 190-баптың 4-бөлігі және 287-баптың 5-бөлігі бойынша айыпталды. Ұланбек Мұрәділов , Шыңғыс Абакиров, Досбол Жаппасов, Қазақпай Мұхит, Мадияр Нұрманов, Санжар Сәулембаев, Мұхит Тыныбаев, Данияр Қожамқұлов, Нұрғали Әуелбеков пен Қуаныш Байгелов ҚР ҚК 264-бабының 2-бөлігі мен 234-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа берілген.
Еске сала кетейік, биыл ақпан айында ҰҚК өкілдері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеден саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізіп, 35 адамды ұстаған болатын. Олардың екеуі - Қырғызстанның азаматы. Кейін олардың біреуі Қырғызстанның депутаты екені анықталды.
Қырғызстан мен Қазақстан азаматтары 234-баптың 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ұсталды - "Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, кедендiк шекара арқылы өткiзуге тыйым салынған немесе шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы қағидалары белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу", ҚР ҚК 264-бабының 2-бөлігі - "Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу".