16 қаңтар 2024 10:06

Алматыда лағманхана өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: Алматы ТЖД фото: Алматы ТЖД

Алматыда лағманхана өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда лағманхана өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті сағат 08:58-де Розыбакиев, 13 мекенжайы бойынша күштер мен құралдар жіберілгенін хабарлады.

"Келгеннен кейін кафе шатыры жанып жатқаны анықталды. Көрші ғимараттарға таралу қаупі туындады, көрші үйден бес адам қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланды. Адамдардың бар-жоғын тексеру үшін барлау жүргізілді, таңертеңнен бері кафеге келушілер болмаған. Өрт саптамалары дереу жеткізілді. Өртеніп жатқан дәмханадан жеті газ баллоны шығарлыды. Автоцистернаның өрт сөндіру шүмектері дереу өрт сөндіру гидранттарына орнатылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - деп хабарлады ТЖД.

Суреттер: Алматы ТЖД

Өрт 18 минутта оқшауланған. Таралу қаупі жойылды. Өртті сөндіруге 30 адам мен 18 техника жұмылдырылды. Жалпы 150 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 09:43-те сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети