Алматыда Lexus "голливудтық" жол апатына ұшырады

13 Қазан 2016, 10:28
0
Алматыда Lexus "голливудтық" жол апатына ұшырады - ©  "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда 13 қазанға қараған түні Сүлейманов көшесінің бойында Lexus LX57 жол талғамайтын көлігі жол шетіндегі жыраға түсіп кеткен, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлікті игере алмаған. Жол-көлік оқиғасынан Lexus автокөлігі жолды бөліп тұрған көгалды жарып өтіп, екі ағашты соғып, аударылып қалған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға болған кезде автомобильдің ішінде екі адам болған. Жол апатының салдарынан жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген. Жолаушы оқиға орнынан қашып кеткен.


"Территория происшествий" бағдарламасы


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай