Алматыдағы көпірлердің бірінде бірден бірнеше жол апаты болды

15 Қазан 2016, 09:53
0
Алматыдағы көпірлердің бірінде бірден бірнеше жол апаты болды - ©  "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

Алматыдағы көпірлердің бірінде шамамен бір уақытта бірден бірнеше жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телернасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

BMW маркалы автокөлік Сүйінбай даңғылымен оң бағытта Шолохов көшесіне жетпей, көпірдегі темір қоршауды соғып өткен. Содан көлік ұшып кетіп, жолдың қақ ортасына келіп түскен.

Сол уақытта Volkswagen Polo көлігі осы көпір бойымен оң бағытта келе жатып, BMW көлігімен соғысады. Кейін куәгерлердің көзінше жоғарып жылдамдықпен келе жатқан Mercedes-Benz көлігі келіп BMW көлігін соғып кетеді. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жолдағы көктайғақ мұздың кесірінен болған.

Айта кетейік, жол апатынан BMW жүргізушісі зардап шекті, ол ауруханаға жеткізілді.

Шамамен осы уақытта Сүйінбай даңғылындағы көпірмен солтүстік бағытта келе жатқан Lexus көлігінің жүргізушісі де тізгінге ие бола алмай, көктайғақтың салдарынан қоршауға барып соғысқан. Қуанышқа қарай, жүргізуші зардап шеккен жоқ.


"Территория происшествий" бағдарламасынан алынған суреттер


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай