Алматыда лифтіні қиратқан ер адам жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматыда полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіні қиратқан ер адамды анықтап, ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 қарашаға қараған түні бақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Кадрда ер адам мен әйел лифтіге қалай кіргені көрсетілген. Содан кейін ер адам монитор тақтасын ұра бастайды. Соққыдан панель құлап қалады.

Реклама
Реклама

Видеодағы бұзақы анықталды. 1978 жылы туған азамат.

"Оның әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар. Ол Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Әбдірахманов.

Ұсталған ер адам көпшілік алдында кешірім сұрауды жөн көріп, мұндай енді қайталанбайды деп уәде берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама