1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда лифтіні қиратқан ер адам жазаланды 02 қараша 2021, 10:19

Алматыда полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіні қиратқан ер адамды анықтап, ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Алматыда полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіні қиратқан ер адамды анықтап, ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 қарашаға қараған түні бақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Кадрда ер адам мен әйел лифтіге қалай кіргені көрсетілген. Содан кейін ер адам монитор тақтасын ұра бастайды. Соққыдан панель құлап қалады.

Видеодағы бұзақы анықталды. 1978 жылы туған азамат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

"Оның әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар. Ол Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Әбдірахманов.

Ұсталған ер адам көпшілік алдында кешірім сұрауды жөн көріп, мұндай енді қайталанбайды деп уәде берген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram