1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда Lufthansa қызметкерлері жол апатына ұшырады 01 тамыз 2014, 12:12

Экипаж мүшелері отырған Toyota Hiace Солтүстік айналыммен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқанда оған Toyota Surf келіп соғылған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

©Аuto.lafa.kz ©Аuto.lafa.kz

Немістің Lufthansa әуе компаниясының пилоты мен стюардессалары Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, - деп хабарлайды Lafa.kz порталы.

Оқиға 1 тамызға қараған түні Солтүстік айналым мен Постышев көшелерінің қиылысында болған. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі әуе компаниясы экипажы отырған шағын автобусты түйіп өткен. Төрт адам зардап шекті. Порталдың хабарлауынша, джиптің жүргізушісі мас болған.

Toyota Hiace шағын автобусы Солтүстік айналыммен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан, Постышев көшесінің қиылысында оған Toyota Surf қатты жылдамдықпен келіп соғылды. Қапталдан тиген соққыдан шағын автобус ауып түсті.

Оқиға орнына келген "Жедел жәрдем" қызметкерлері зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Оқиға орнында болған ер адамның айтуынша, экипаж мүшелерінің Франкфурттан ұшып келген беті екен.

Құқық қорғау органы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Toyota Surf жүргізушісі медициналық куәландыруға жіберілді.



Firebase Cloud Messaging