© "Территория происшествий" бағдарламасы
Алматыда мас жүргізуші аула ішінде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда мас жүргізуші аула ішінде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында орналасқан Самал-1 ықшамауданындағы аулада болған. Көптеген куәгердің айтуынша, Range Rover маркалы көліктің жүргізушісі қатты мас күйінде көлікті жүргізіп, тұрақта тұрған Toyota RAV 4 автомобилін соққан. Соның салдарынан екі көлік те үй маңындағы арыққа түсіп кеткен. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән жайын полицейлер анықтап жатыр.