Алматыда BMW көлігінің мас жүргізушісі 34 жастағы әйелді қағып кетіп, мерт қылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда BMW көлігінің мас жүргізушісі 34 жастағы әйелді қағып кетіп, мерт қылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Шаляпин көшесінің бойында Сайын көшесіне жақын маңда болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам жаяу жүргіншілерге арналған жолдан 10-15 метр жерден өтіп бара жатқан. Осы кезде BMW әйел адамды қағып кеткен. Соққыдан әйел адам клиенттерін жол бойында түсіріп жатқан Toyota Avensis автокөлігіне соғысқан.
Адам қағып кеткен BMW оқиға орнынан қашып кетпекші болған. Момышұлы көшесіне жеткен жерде Toyota Previa көлігінің артынан соққан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші ішімдікке удай мас болған. Ол сараптамадан өтеді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.