Алматыда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Әуезов ауданында Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта Mitsubishi автокөлігімен келе жатқан жүргізуші белгісіз себептермен қарсы бағытқа шығып кетіп, такси тоқтатып тұрған жаяу азаматты қағып кетті. Бұдан кейін ол Toyota Camry 10 көлігімен бетпе-бет соғысады да, бұрылып, оқиға орнынан қашып кетеді.
Жарақат алған жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Ал Toyota Camry 10 көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Жол апатын жасаған көліктің мемлекеттік номері жерге түсіп қалған. Көлік бірер уақыт өткеннен кейін Бостандық ауданындағы Алмагүл ықшамауданында 283-үйдің алдынан табылды. Ұсталған жүргізуші кісі өлтіргенін білсе де, қорыққаннан қашып кеткенін және телефон соғып хабарлай алмағанын айтты. Сонымен қатар, жүргізуші өзінің мас күйде көлік жүргізгенін мойындады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жаңа жылдан кейінгі екі күн ішінде Солтүстік Қазақстанда 14 мас жүргізушінің ұсталғаны хабарланған болатын. Ал 2014 жылы Қазақстанда 36 мың адам көлік жүргізу құқынан айырылған.