26 мамыр 2018 11:18

Алматыда мектеп түлектерінің төбелесі видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы мектептердің бірінің түлектері Алматыдағы Президент саябағында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы мектептердің бірінің түлектері Алматыдағы Президент саябағында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында пайда болды. 

Алматы ІІД мамандарының айтуынша, жанжал сол жерде шешілді.

"Төбелестің Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінің сыныптастары арасында болғаны анықталды. Жанжал мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің және сол маңда қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген ювеналдық полиция қызметкерлерінің көмегімен сол жерде шешілді. Жасөспірімдер бір-біріне тағар айыптарының жоқ екенін айтты. Оқушыларды қарап жүру бойынша мұғалімдермен де жұмыстар атқарылды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, кеше 2 мыңнан аса полицей мектептердің маңында жүріп, кешке саябақтар мен гүл бақтарда кезекшілік атқарған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети