Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Әуезов аудандық Мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Тергеу мәліметі бойынша, Алматы қаласы Әуезов ауданы МКБ Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығының бас маманы "И" есімді ер азаматтан көліктік салық бойынша қарызы жоқ деген анықтама алып беру үшін 470 000 теңге пара бопсалаған.
Жедел тергеу шаралары барысында бұл іске қатысы бар тағы екі адам ұсталды. Қазір олар өз кінәсын мойындады.
Мұндай жағдайлар ары қарай қайталанбас үшін Департаментте арнайы комиссия құру жоспарланған. Комиссия ақпараттық мәлімет базасын сараптап, оның мәселелері тұстарын анықтайтын болады.