27 шілде 2019 | 00:32

Алматыда мешіт өртенді

Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады.

"23.14-де Алматы ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Реклама
Реклама


Куәгерлер жолдаған сурет

Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген.

Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная