12 қаңтар 2022 12:22

Алматыда музей қызметкерлері жараланған курсанттар мен полиция қызметкерлерін құтқарған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік орталық музей. Фото: 2gis.kz Мемлекеттік орталық музей. Фото: 2gis.kz

Мемлекеттік орталық музей қызметкерлері Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланған полиция қызметкерлері мен курсанттарды құтқарған. Бұл туралы музей директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік орталық музей қызметкерлері Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланған полиция қызметкерлері мен курсанттарды құтқарған. Бұл туралы музей директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музей ғимараты қала әкімдігі мен Президент резиденциясына қарама-қарсы орналасқан, оны қарақшылар талқандаған.

Дандығараеваның айтуынша, 5 қаңтарда Республика алаңында тәртіпсіздіктер басталған кезде, жараланған полиция қызметкерлері мен сарбаздар музейдің қосалқы есіктеріне келе бастаған.

"5 қаңтарда түнгі сағат 3-те алаңда тәртіпсіздіктер басталды. Бүкіл ауданды қара тұман басты. Біз дәл оқиға ортасында болдық. Резиденция өртене бастады, атыс басталды, айналада адамдар болды. Сыртта не болып жатқанын камералардан қараған кезде жараланған полиция қызметкерлері мен курсанттар қосалқы есікке келе бастағанын көрдік. Олардың денесі қан-жоса, бастары жарылған, қарусыз болды. Бір-бірін сүйреп, әрең келе жатты", - деп еске алады ол.

Музей әкімшілігі жаралыларға қауіп төніп тұрғанын бірден түсінген. Оларды жертөледе жасыруға шешім шығарған.

"Шамамен 15 адам болды. Оларды жертөлеге түсірдік. Содан кейін басты есіктерімізге қарақшылар келді. Олар басты кіреберістің ағаш есіктерін сындырып, ішке кірді. Содан кейін полиция қызметкерлері қайда екенін сұрады. Музейді өзіміз күзететінімізді айттық. Оқыс қимыл жасамадық, оның қауіпті екенін түсіндік. Ештеңеге тиісуге болмайтынын, бәрі халық игілігі екенін айттық. Оларды ештеңеге тиіспеуге көндірдік. Олар шамамен 5 сағат болды. Арлы-бері жүрді, сыртқа шықты, кері кірді. Содан кейін тағы бір тобыр келді. Мүмкіндігінше оларды да залдарға жібермедік, залдан әрі жібермедік", - деді ол.

Олардың қолында құқық қорғау органдары қызметкерлерінен алған темір мен таяқтар болды. Сонымен қатар, жертөледе қызметкерлер жараланғандарға алғашқы көмек көрсетті.

"Олар өздігінен қозғала алмады. Мүмкіндігінше, азаматтық киім кигіздік, туыстары кейбір киімдер алып келді. Аз болды, мойынорағышпен жаптық, бастысы олар кәдімгі адам сияқты болып көрінді", - деді ол.

Қарақшылар музей ғимаратынан кешке кеткен. Кейін жараланғандарды туыстары мен командирлері келіп алып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети