Алматыда музыкант жігіт өлі табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© facebook © facebook

"Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" атты іздестіру тобы Facebook желісіндегі парақшасында 2018 жылдың қарашасында Алматыда жоғалып кеткен жігіттің өлі табылғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" атты іздестіру тобы Facebook желісіндегі парақшасында 2018 жылдың қарашасында Алматыда жоғалып кеткен жігіттің өлі табылғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны жайлы 13 қаңтарда әлеуметтік желілерде хабарланған болатын.

"Жақын құрбымның ұлы жоғалып кетті. Платон Киор. 21 қарашада кешкі уақытта үйден (Абай даңғылы - Жароков көшесі қиылысының аумағында) шығып кеткен болатын. Үстінде қара түсті шалбар, батпақ түсті күртеше, қызыл жолақтары бар баскиім мен қара түсті аяқкиімде болған. Бойы - 180 сантиметр, арықтау келген, шашы қара. Денесінде бірнеше татуы болған. (...)

Платон - өте дарынды адам, музыканы жақсы көретін. Оны бірнеше күннен кейін іздей бастадық. (...) Платон! Біз сені жақсы көреміз, үйге қайт", - деп жазған еді Facebook қолданушысы Наталья Слудская.

Алайда кешкі уақытта Күзет және қауіпсіздік қызметінің басшысы Ислам Угушев жігіттің өлі табылғанын хабарлады.

"Платон табылды... Өкінішке қарай, жігіт өлі табылды. Көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны Киор Платонның іздестіріліп жатқаны жайлы естіп, оны танып, кейіннен анасына Платонның үйдің шатырынан секіріп кеткенін хабарлаған. Қайтыс болған жігіттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының өкілдері әзірше ешқандай пікір білдірмеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro