Алматыда өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өрт болды Видеодан алынған кадр

Алматыда болған өрттің видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда болған өрттің видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kris_p_almaty парақшасында жарияланған кадрларда қою қара түтін көрінеді. Желі қолданушылары өрттің Ташкентская көшесінде Aport Mall-ға жетпей болғанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

"Бір нәрсе жанып жатыр. Өте қорқынышты", - дейді ролик авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі өрт Алматыдағы Алатау ауданы Райымбек даңғылы бойында шыққанын хабарлады. 

"17 тамызда сағат 13:20-да өртсөндірушілер Алатау ауданы Раймбек даңғылы, 529 мекенжайындағы өртке шықты. Бөлімшелер келгеннен кейін жеті минут өткен соң түтіннің қай жерден шығып жатқаны анықталды. Екі жерден құрғақ шөп жанып, өрт қоқысқа ұласқан, соның салдарынан қою қара түтін пайда болды. Өрт 20 минутта ауыздықталып, 13:56-да толығымен жойылды. 700 шаршы метр жер жанған. Өрт сөндіруге екі техника, 13 өртсөндіруші жұмылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети