© Тұрар Қазанғапов
Алматыда Панфилов көшесіндегі суши барға "жарылғыш зат қойылды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Панфилов көшесіндегі суши барға "жарылғыш зат қойылды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Панфилов және Мақатаев көшесінің қиылысындағы суши барға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Келушілер мен қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Тексеру шаралары аяқталды, ақпарат расталмады, жарылғыш зат табылмады", - дейді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір полиция телефон арқылы жалған ақпарат айтқан адамды іздестіріп жатыр.
Куәгерлер суреті