Алматыда пәтер өртке оранды: әйел құтқарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пәтер өртке оранды: әйел құтқарылды Фото: Алматы ТЖД

Алматыда тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап.

Оқиға 17 маусымда Бостандық ауданындағы Серкебаев даңғылында орналасқан пәтерде болған.

"Оқиға орнына МӨСБ-1, ӨСБ-15 және ӨСБ-17 өрт сөндіру бөлімдері жіберілді. Келген кезде төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метр болды", – делінген хабарламада.

Эвакуация кезінде қою уытты түтін жоғарғы қабаттардағы тұрғындардың шығу жолын жауып тастағаны анықталған.

"Жанып жатқан пәтердің терезесінен әйел көмек сұрап айғайлады – есікке апарар жолды жалын толық жауып қалған. Құтқарушылар бензоқиғышпен терезе торын кесіп, Түркіменстанның 26 жастағы азаматшасын эвакуациялады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құтқару капюшондарының көмегімен жоғарғы қабаттардағы түтін толы пәтерлерден тағы төрт адам эвакуацияланды: 1945 жылы туған әйел, 1962 жылы туған әйел, 2008 жылы туған ұл бала және 1982 жылы туған әйел.

"Өртсөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің арқасында жалынның жоғарғы қабаттарға таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 15:17-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген мәліметте.

Қалалық ТЖД дерегі бойынша, оқиға орнына 25 жеке құрам мүшесі мен 6 техника бірлігі жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети