11 қазан 2016 | 13:31

Алматыда пәтер тонаушылар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Таугүл-2" ықшамауданындағы пәтерлердің бірі тоналып, ұрылар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Таугүл-2" ықшамауданындағы пәтерлердің бірі тоналып, ұрылар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұрылар алматылық тұрғынның пәтерін тонап кеткен. Қыздың айтуынша, 7 қазанда шамамен сағат 20.30 бен 21.40 арасында оның пәтеріне ұрылар түскен. Пәтер тонаушылар үйдегі барлық бағалы заттарды алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, шығынның көлемі миллион теңгеден кем емес. "Олар үйдегі қаракүзен тонды, ноутбукты, бағалы әшекейлер мен басқа да заттарды алып кеткен. Сол күні ұрылар пәтерде болған уақытта сіңлісі үйге келмекші болған еді. Алайда белгілі бір себептерге байланысты кешігіп, бара алмады", - деді қыз.

Кейінірек пәтер тонаушылар делінген азаматтар қылмыстарын жасаған соң, үйге кіреберіс жердегі камераға түсіп қалған. Олардың қолында зардап шеккен қыз танып тұрған жеке заттары бар болып шықты. Содан қыз бірден полицияға хабарласып, болған ұрлық жайлы әлеуметтік желілерде жариялады. Бірнеше күн өткен соң алматылық қыз қолданушылардың көмегімен ұрылар делінген адамдар жайлы мәлімет жинаған.

"Бей-жай қарамаған азаматтардың арқасында ол адамның кім екенін анықтай алдық. Ол осыған дейін де біздің ауданда ұрлық жасағаны үшін ұсталған екен. Біз ол жайлы барлық мәліметті біле алдық, телефон нөмері, әлеуметтік желілердегі парақшалары. Ол осыған дейін сотты болған, ал қазір ол шартты түрде бостандыққа шыққан. Кеше кешке оған қатысты барлық мәліметті полициядағыларға апардым", - деді пәтері тоналған қыз.

Ал қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін айтты. "Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Онда қалалық криминалдық полицияның жедел қызметкерлері де бар. Адамдарға ешкім ешқандай шара қолданбай жатыр деп ойлайды. Алайда мен біздің құзыретіміздегі барлық жұмысты толықтай орындайтынымызды айтқым келеді. Зардап шеккендерге алаңдаудың еш қажеті жоқ", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети