17 мамыр 2023 | 09:13

Алматыда пәтерде қызмет көрсеткен интим-салон әшкереленді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Алматыда тұрғын үйдегі интим-салон әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда тұрғын үйдегі интим-салон әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен интим-салонды анықтаған.

"Рейдтік іс-шара барысында жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру дерегі анықталды. Мекеме Мамыр шағынауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде орналасқан. Тексеру кезінде салонда тоғыз қыз "жұмыс істеп" жүрген. Ғимаратты жалға алушы жауапкершілікке тартылады. Ұсталған қыздар жеке басын анықтау үшін ПБ-ға жеткізілді. Олар 18 бен 26 жас аралығында, Қазақстанның әр өңірінен келген. Сонымен қатар, олардың көші-қон заңнамасын сақтауы тексеріледі", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети