Алматыда полицей эвакуатормен жол бойында тұрған көліктерге соғылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицей эвакуатормен жол бойында тұрған көліктерге соғылған Видеодан алынған кадр

Алматыда полиция қызметкері эвакуатормен тұраққа қойылған автокөліктерге соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция қызметкері эвакуатормен тұраққа қойылған автокөліктерге соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатының видеосы Желіде тарады. Онда эвакуатордың бірнеше көлікті қиратқаны көрінеді.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаның 23 қарашада Алмалы ауданында болғанын айтады.

"КамАЗ маркалы эвакуатор Назарбаев даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне қарай шығыс бағытта келе жатқан кезде қираған тірек салдарынан басқа көліктерге барып соғылған. Салдарынан жол бойында тұрған көліктер бүлінген", - деді полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция департаменті жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

"Іс жүргізу нәтижелері бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Эвакуатор жүргізушісі - полиция қызметкері жауапқа тартылды", - деді полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети