Алматыда полицей құрылысы аяқталмаған үйдің төбесінен құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицей құрылысы аяқталмаған үйдің төбесінен құлап кетті Фото: Дана Рахимова/facebook.com

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторы Даначка Рахимованың айтуынша, полицей құрылысы аяқталмаған тоғыз қабатты үйден құлап кеткен. Оның айтуынша, ол қауіпті жерде ойнап жүрген жасөспірімдерді төмен түсіру үшін нысан төбесіне шыққан.

Добрый день друзья! У нас опять чп на этот раз сотрудник идн упал с недостройки гоняясь за подростками! Бакытжан...

Опубликовано Даначкой Рахимовой Воскресенье, 28 февраля 2021 г.

Полиция өкілдері үйдің төбесінде 16-17 жастағы жасөспірімдер болғанын хабарлады. Оны көрген Алатау ауданының ювенал полиция қызметкері балаларға ескерту жасау үшін үй төбесіне шыққан.

"Профилактикалық әңгімелесу кезінде полиция қызметкері сүрініп, төмендегі қабатқа құлап кеткен. Қазіргі уақытта оған ота жасады. Бірақ әлі де жағдайы ауыр. Кәмелетке толмағандар қауіпсіз жерге жеткізілді және зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы "Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы" бойынша хаттама толтырылды.

Жазба авторының мәліметіне сүйенсек, бұл осы нысанда болған алғашқы оқиға емес. Оның айтуынша, былтырғы қыркүйекте де осы нысан төбесінен адам құлап кетіп, зардап шекен.

"Қазір тұрғындар бұл мәселені шешіп, зардап шеккен полицей отбасын баспанамен қамтамасыз етуді сұрайды. Қызмет барысында осындай ауыр жарақат алды. Оның үш баласы бар, әйелінің аяғы ауыр. Төртінші баласын босанайын деп жүр", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети