Алматыда полицейлер "Атакент" маңындағы кафені қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда полицейлер "Атакент" маңындағы кафені қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаланың жедел әрекет ету қызметтері Бостандық ауданында орналасқан кафелердің бірінде күмәнді қап табылғаны жайлы мәліметті тексеру бойынша шара жүргізген екен.
"Алғашқы кешенді шаралар жүргізіп, пакетті тексеруден тыйым салынған зат табылмады. Мекеме штат тәртібінде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады Алматы ІІ өкілдері.
Сонымен қатар, ІІД өкілдері Алматы тұрғындарына азаматтық позициясын белсенді көрсетіп, мұқият болғаны үшін алғыс айтты.