31 тамыз 2022 12:23

Алматыда полицейлердің мотоциклшіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматы полицейлерінің мотоцикл жүргізушісін қуып бара жатқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Алматы полицейлерінің мотоцикл жүргізушісін қуып бара жатқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы оқиғаның 24 тамызда болғанын хабарлады. Мотоцикл жүргізушісі жол ережесін бұзған, ал полицейлер одан тоқтауды талап еткен. Мотоцикл жүргізушісі жылдамдықты арттырып қашып кетпек болған.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған!

"Бұл өрескел заңбұзушылықтарды мамандандырылған батальонның экипажы анықтады. Жүргізуші полицейлердің тоқтау туралы заңды талаптарын елемеген. Осыған байланысты жүргізуші жылдамдығын азайтып, тоқтауы үшін шаралар қолданылды. Оған қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін. Екіншісі – жүргізуші куәлігінде арнайы санаттың жоқтығы үшін, үшінші – осы көлікті тіркемегені үшін", - деді Алматы қаласы Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.

Полицейлер мотоциклдің заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелмегенін атап өтті. Ол айыппұл тұрағына қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети