Алматыда порнография фильмдерінің мыңдаған дискісі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда порнография фильмдерінің мыңдаған дискісі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы полицейлері ірі контрабанданың жолын кесті. Нақтырақ айтқанда, Алматының Солтүстік айналымында орналасқан базарлардың бірінен 13 382 фильмнің дискісі табылды. Қойма иесінің 32 жастағы алматылық екені белгілі болып отыр.
"Бір бөлмелі үй-жайдың төрт жағына да бірнеше қабатты стеллаж қойылған. Тап сол жерге өнім сақталыпты. Тауардың сол қоймада көтерме саудамен және бөлшектеп сатылғаны анықталды. Дискілердің арасында түрлі жанрдағы және порнографиялық фильмдер бар. Сонымен қатар, дискілердің арасынан прокатқа енді шыққан фильмдер де табылды. Тәркіленген тауардың жалпы саны - 13 382 бірлік", - деп хабарлады Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Жанболат Зиядин.
Айта кетейік, бұл дерек Алатау аудандық ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай реестріне тіркелді, тергеу ҚР ҚК 198-бабы бойынша жүретін болады. Өндіріс барысында дискілердің қай жерде жасалып, Алматыға қалай жеткені анықталатын болады.