Алматыда психикалық ауытқулар ауруханасынан емделуші қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда психикалық ауытқулар ауруханасынан емделуші қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2016 жылдың 10 тамызында шамамен сағат 19.00-де Алматы қаласының Психикалық ауытқулар орталығынан емделуші Қожамбетов Қанат Жанатұлы қашып кеткен. Ол 1982 жылы туған, созылмалы шизофрения ауруымен ауырады. Қазіргі кезде Қожамбетовты ұстау үшін Алматы қалалық ІІД-нің жеке құрамы және ішкі істер органдарының шекара күзету бөлімдері жұмылдырылды", - деді ІІД-нің өкілдері.
Полиция азаматтарға үндеу жариялап, Қожамбетовтың қайда екендігін білген адамдарды 254-40-42; 254-40-92; 254-49-75 және 102 телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.