28 шілде 2020 10:54

Алматыда ірі ағаш автокөліктің үстіне құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көліктің үстіне ағаш құлап кетті. Оқиға болған сәт видеотіркеуіштің камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда көліктің үстіне ағаш құлап кетті. Оқиға болған сәт видеотіркеуіштің камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде алып ағаштың жүріп бара жатқан көліктің үстіне құлағаны туралы видео тараған. Оқиға Медеу ауданы, Қалдаяқов пен Мақатаев көшесінің қиылысында болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Алматы қаласы ТЖ Департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 25 шілдеде нөсер мен қатты желден кейін болған. Ағаш Mercedes маркалы көлігіне құлаған. Көліктің ішінде әйел адам болған, ол хардап шекпеген.  

"Оқиға орнына Медеу ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері Алмас Ильясов келді. Зардап шеккендер жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін қаланың жедел әрекет ету қызметін шақырған: ағаш ірі болғандықтан бір көшені жауып қалған. Оқиға орнын қала әкімдігінің "109" құтқару қызметкерлері мен "Алматы Тазалық" қызметкерлері тазалап шықты, жалпы 10 адам мен 3 техника жұмылдырылған. Сағаи 18:24-те ағаш кесу және жолдың жүру бөлігін тазалау жұмыстары аяқталды", - дейді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Автокөліктің алдыңғы бөлігі зақымдалған, іс полицияға жіберілді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети