Алматыда ірі жол апаты болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматының Әуезов ауданында жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Әуезов ауданында жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның егжей-тегжейін Полиция департаменті баяндап берді.

ПД мәліметінше, 7 желтоқсанда шамамен түнгі 23:10-да Škoda маркалы автокөлік Chevrolet-пен соқтығысқан. Соққыдан кейін көлік аялдамада тұрған жолаушылар автобусына, кейін инерциямен Volvo автокөлігіне соғысқан.

Реклама
Реклама

Бұған дейін желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланған еді.

"Жол апаты салдарынан Chevrolet-те отырған 2009 жылы туған бала жарақат алды. Ол қаладағы балалар ауруханаларының біріне жеткізілді", – деп хабарлады Алматы ПД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама