Алматыда автобустың тежегіші істен шыққан. Салдарынан 5 машина қирады. ГАЗель мен екі автобус бүлінді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда автобустың тежегіші істен шыққан. Салдарынан 5 машина қирады. ГАЗель мен екі автобус бүлінді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға Алтынсарин көшесінің бойында Ұлықбек пен Қуанышбаев көшелерінің аралығында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 124-ші бағыттағы автобус Алтынсарин көшесімен солтүстіккке қарай бет алған. Оның тежегіші істен шыққан. Бірінші болып ол BMW көлігін соғп, оны тұрақта тұрған машиналарға ұшырып жібереді. BMW 63-ші бағыттағы автобусты соғады.
Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеді, сондай-ақ, өрт шығады деген қауіп болып, өрт сөндіру қызметі де шақыртылды. Жалпы жол апатынан 8 көлік зардап шекті.
4 адам зардап шекті - Үшеуі BMW көлігінде болған, біреуі 124-ші автобустың жолаушысы.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
© "Территория происшествий" бағдарламасының суреттері.
Куәгерлердің суреттері.