Алматыда ірі жол апаты болып, 23 адам зардап шекті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 14 шілдеде сағат 18:10 шамасында Алатау ауданында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, МАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай тасжолы бойымен шығыс бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмаған. Салдарынан ол бір бағытта қозғалып бара жатқан Mercedes-Benz және KIA көліктерімен соқтығысқан, кейін қарсы бағытқа шығып кетіп, Yutong маркалы автобус пен Subaru көлігіне соғылған", – деп хабарлады полиция.

Оқиға салдарынан автобустың жолаушылары мен KIA автокөлігінің жүргізушісі, барлығы 23 адам зардап шеккен.

Қазіргі уақытта полиция жол апатына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети