20 қаңтар 2015 | 18:03

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Данияр Бозов ©Данияр Бозов

Алматы қаласында автобустың қатысуымен болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты деп бағаланып отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында автобустың қатысуымен болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты деп бағаланып отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары хабарлады.

Дәрігерлердің көмегіне 10 адам жүгініп, олардың тоғызы ауруханаға жатқызылды, арасында үш бала бар. Жол апатынан кейін зардап шеккендердің екеуі қалалық орталық клиникалық ауруханаға, тағы екеуі №7 ауруханаға, бір адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша облыстық емханаға және кәмелет жасына толмағандар №1 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

Балалардың бірінде сынық бар екені анықталды, ал қалған екеуі бас пен іштен соққы алған. Бұдан басқа аяқ-қолдары сынғандар, көкірек қуысын соғып алғандар мен ішінен жабық жарақат алғандар бар. Жол апатынан зардап шеккендердің біреуі ауруханадан шықты.

Еске сала кетейік, Алматыдағы ірі жол апаты 18 қаңтарда болды. Есенәлиев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан №31 Mercedes маркалы автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, сол бағытта кетіп бара жатқан Hyundai көлігіне соғылды. Соңынан жолаушылары бар автобус 44 жастағы ер адамды қағып кетті, ол жарақат алғанымен емханаға жатқызылған жоқ. Осыдан кейін қала әкімі кеңес өткізіп, жол апатына автобустың техникалық ақауы себеп болғаны дәлелденсе автопарктың лицензиясы алынатынын айтты.

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer