17 маусым 2024 13:01

Алматыда Renault жол талғамайтын көлікті "аударып тастады": жол апатының егжей-тегжейі

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы орталығында жол талғамайтын көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы орталығында жол талғамайтын көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда Тұрғыт Озал (бұрынғы Бауман көшесі) көшесімен келе жатқан жол талғамайтын көлікті көруге болады. Көшенің қиылысына келгенде оған ақ кроссовер соғылады. Осылайша, жүріп келе жатқан жол талғамайтын көлік аударылып, қайта тұрады.

Алматы жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, оқиға өткен сенбі күні, таңертең болған.

Toyota Land Cruiser Prado көлігі оңтүстік бағытта, ал Renault Stepway көлігі Құлымбетов көшесімен батыс бағытта келе жатқан.

"Қиылыста көліктер соқтығысып, оның салдарынан Toyota Land Cruiser Prado аударылып қалған. Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі себеп болған. Ол жол айырығын бағдаршамның тыйым салынған түсіне кесіп өткен", - делінген полиция хабарламасында.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де зардап шеккен. Оқиғаға қатысты тергеуді Алматы, Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 467.21   490.7   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети