Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жол апаты: жүргізуші аяғынан айырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жол апаты: жүргізуші аяғынан айырылды Фото:instagram.com/kris__p__almaty

Алматыда Рысқұлов даңғылында болған жол апатынан кейін жүргізушінің аяғын кесуге тура келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Рысқұлов даңғылында болған жол апатынан кейін жүргізушінің аяғын кесуге тура келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 18 қаңтарда таңғы сағат 07:00-07:30-да Рысқұлов даңғылында, "Розовая" көшесіне жетпей шығыс бағытта болған. Зардап шегушінің туысқанының айтуынша, қазір жүргізуші ауруханада жатыр.

Жарақат алған 37 жастағы жүргізушінің отбасы мен үш баласы бар. Ұзақ емделіп, ота, оңалту курсынан өтуі керек.

"Ол таңертең өзі тұратын "Зерделі" шағынауданынан жұмысқа бара жатқан. Артқы жағынан көлік соқтығысқан кезде ол ортаңғы қатарда келе жатқан. Ағам тежегішті басқан, бірақ көлік қоршауға кіріп кеткен. Оны үш сағаттан кейін ғана ТЖМ қызметкерлері көліктен шығарып алды. Оның оң аяғын кесті, жамбасы мен қабырғалары сынған, екінші аяғына да операция жасау керек", - деді жәбірленушінің туысы.

18 қаңтарда Алматы қаласындағы Рысқұлов-Розовая мекенжайында Mercedes Benz-W210 автокөлігі ұшыраған жол-көлік оқиғасының барлық куәгерінен 8 701 861 81 00 нөмірге телефон соғу сұралады. Ағасы Асылбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети