07 желтоқсан 2021 15:25

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жылу жүйесі қашан қалпына келтіріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жылу жүйесінде ақау шықты. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жылу жүйесінде ақау шықты. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коммуналдық қызмет мәліметінше, қазір қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Болжам бойынша, жұмыс сағат 22.00-де аяқталуы мүмкін.

Бұл ретте алматылықтар жолдағы төтенше жағдайдың суреті мен видеосын әлі де әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. Видеодан Рұсқұлов даңғылының батыс бағыты жабық екенін көруге болады. Ал төтенше жағдай болған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Алматыда жылу жүйесінен ақау шығып, салдарынан Рысқұлов даңғылында кептеліс пайда болғаны хабарланған болатын.

Оқиға 7 желтоқсанда таңғы уақытта Жетісу ауданында, дәлірек айтсақ, Рысқұлов-Жансүгіров жолайрығының маңында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети