24 сәуір 2015 | 12:54

Алматыда салынып жатқан көпір құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында орналасқан көпір құлап түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында орналасқан көпір құлап түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Алдын ала белгілі болғандай, құтқарушылар көпір астында қалуы мүмкін делінген екі адамды іздестіріп жатыр. Тағы сегіз адамның жарақат алғаны белгілі болды. Оқиға орнында цемент қысымға шыдамай, үгітіліп кеткен. Нысанда 50-55 адам жұмыс істеп жатқан. Апат болған жерге құрамында 16 адам мен 6 кинологы бар құтқару экипажы бара жатыр, сонымен қатар, өңірлік жедел-құтқару жасағының өкілдері шықты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, салынып жатқан көпір шамамен 12.30-да құлады. Олар сатыр мен гүрілді естіген де көшеге жүгіріп шыққан. Tengrinews.kz тілшісі 10 өрт сөндіру техникасы, үш жедел жәрдем бригадасы, полиция және жедел әрекет ету арнайы жасағының оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Салынып жатқан айналма жол Рысқұлов даңғылы мен Шығыс айналма жолын байланыстыруы керек болатын. 

Айта кетейік, көпір Domillion сауда үйі мен Халыққа қызмет көрсету орталығын жалғайды. Қазір құрылысқа жауапты құрылыс компаниясының жеке құрамын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ары қарайғы қирау қаупі әлі бар. Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеп жатыр. Алматы қаласының әкімдігінің өкілдерінің айтуынша, үйді салушы компания - "Базис ҚК" ЖШС.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети