Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда салынып жатқан көпірдің неліктен құлағаны белгілі болды

29 Маусым 2015, 15:37
0
© Владимир Прокопенко
© Владимир Прокопенко
© Владимир Прокопенко
© Владимир Прокопенко

Алматыдағы Рысқұлов пен Сайын көшелерінің қиылысында салынып жатқан көпір ресейлік компания жасаған сапасыз қалыптың кесірінен құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір көпірдің құрылысы жалғасып жатыр. Қателік жіберген қосалқы мердігер жобадан шығарылды. "Жобалаушылар мен орындаушылар қателік жіберген. Бұл ресейлік компания, ол қалыпты жобалау кезінде қателесті. Сол қателіктің салдарынан бетон құйылған кезде, қалып шыдамаған. Базис сот бойынша барлық талапты қойды. Ол жерде біз бюджет қаржысын жұмсаған жоқпыз. Бұл ресейліктердің кінәсі. Олар шыққан шығынды өтейді", - деді ол.

Алматы қалалық автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ғани Мырзахановтың айтуынша, көпірдің құрылысына қатысты өндірістік жұмыс жобасының есебін мердігер ұйым "Базис" дайындаған. "Ресейлік компания ӨЖЖ-ны (өндірістік жұмыс жобасы - Авт.) жетілдірді, барлық сызбаны, жабдықтарды ұсынып, қалыптың шеф-монтажына қатысты. Қалып ӨЖЖ-ге, сызбаларға сәйкес тұрғызылды. Ол компания қалып шыдайды деп, барлық құжатқа қол қойды, дұрыс тұрғызылды деп, жұмысты жалғастыру үшін бетон монолитін құюға рұқсат берді. Бірақ өндіріс жұмысының 90 пайызы жүктелгенде қалып шыдамады. Сарапшылардың айтуынша, өндірістік жұмыс жобасын әзірлеген компания бұл жобаның барлық нюансын толық ескермеген. Олардың арасында көлденеңінен түсетін күшке қатысты есептің жетіспеушілігі және тағы да басқалары бар", - деді Мырзаханов. Оның айтуынша, бұл оқиғаны қазір қала әкімдігінің еңбек бойынша департаменті басшысының орынбасары бастаған комиссия тергеп жатыр.

Айта кетейік, көпірдің құрылысы графикке сәйкес 2016 жылы аяқталады. Сауранбаевтың айтуынша, бұл оқиғаға байланысты уақыт шегертілмейді. Еске сала кетейік, оқиға 2015 жылы 24 сәуірде болды. Көпірдің құлау салдарынан бір жұмысшы қаза тапты.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай