16 ақпан 2015 16:44

Алматыда саперлер Еуразиялық банк бөлімшесінен жарылғыш зат іздеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыда саперлер Еуразиялық банк бөлімшесінен жарылғыш зат іздеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда саперлер Еуразиялық банк бөлімшесінен жарылғыш зат іздеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияға белгісіз біреулер хабарласып, Мақатаев көшесінің бойындағы Еуразиялық банктің бөлімшесіне жарылғыш заттың қойылғанын хабарлады. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері барып, ғимараттағы адамдарды сыртқа шығарып, аумақты қоршауға алды. Саперлер ғимараттан жарылғыш затты таппады. Банк қызметкерлері шамамен сағат 15.45-те жұмыс орындарына жайғасты. ІІД өкілдері телефон лаңкесі іздестіріліп жатқанын айтты. 

 

Видео YouTube/Pavlik Morozov

Мұның алдында Алматыда әкімдік ғимаратын жарып жіберетінін айтқан ер адам ұсталған болатын. Оның әкімшілікке жарылғыш зат әкелгені хабарланды. Әкімдік ғимараты қоршауға алынды, мұнымен қатар, полиция қарсы бағытта бірнеше БАҚ-тың редакциясы орналасқан ғимараттан адамдарды сыртқа шығарды. Бірнеше сағаттан кейін әкімдік қызметкерлері мен журналистер жұмыс орындарына барды. Ер адамның полицияға берілгені, ешқандай да жарылғыш зат әкелмегені анықталды. Ол осылайша 2008 жылы шыққан сот шешіміне наразылық білдірмек болыпты. Күдікті екі айға қамауға алынды. "Терроризм акті туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети