Алматыда Satbayev University студенттері эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желіде Satbayev University ғимараты түтіндеп жатқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда студенттер мен қызметкерлердің ғимараттан шығып жатқаны көрінеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Satbayev University ғимараты түтіндеп жатқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда студенттер мен қызметкерлердің ғимараттан шығып жатқаны көрінеді.

Университеттің баспасөз қызметі өкілі өрт шықпағанын, ешкім зардап шекпегенін айтып, шын мәнінде не болғанын түсіндірді.

"Бүгін Бас оқу ғимаратынан түтін шықты. Ғимараттағы жылу желісінен ақау табылып, қабаттардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Жөндеушілердің бірі болгарка құралымен жұмыс істеп жатқан сәтте одан шыққан ұшқын шүберек затқа түсіп, ол біртіндеп түтіндеп, иісі шыға бастаған. Содан кейін ол шүберек зат өрт сөндіру ережесіне сай өшірілді. Ешқандай өрт болған жоқ, бірақ дабыл нүктесі қағылған соң, сол қабаттағы адамдар сыртқа эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ", - деп жауап берді университет әкімшілігі өкілі Massaget.kz-ке жауабында.

Ал Алматы қалалық Төтенше жағдай департаменті өкілі 101-ге ақпарат түспегенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети