14 қыркүйек 2020 09:18

Алматыда сатушының ұсталуы желіде қызу талқыға түсті

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © instagram/kris_p_almaty Фото: © instagram/kris_p_almaty

Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында полицияның ер адамды ұстауы желіде наразылық тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында полицияның ер адамды ұстауы желіде наразылық тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Видеодан екі тәртіп сақшысы ер адамды құлатқанын, сондай-ақ, полицейдің бірі оны мойнынан күшпен ұстап тұрғанын көруге болады.

"Жүгері сататын адамды ұстады. Оған тек ескерту жасалған", - дейді желі қолданушысының бірі.

Сондай-ақ, видеодағы жазбаларының бірінде ер адам заңсыз сауда жүргізгені жазылған: "Ол қашпақ болды. Осы сәтте оның сөмкесін жыртып тастаған. Ол ашуланып, қарсылық көрсеткен".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Поймали продавца кукурузы ✊ надеемся чувак отделался предупреждением ??

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Сонымен қатар, желі қолданушылары полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразылық білдірді:

"Ұстайтын адамды тапқан екен. Ол есірткі емес, жүгері сатып отыр ғой".

"Мен есірткі баронын ұстады деп ойладым. Ол солай нанын тауып жүр ғой. Барахолканың жартысы сауда жасайды. Маңыздысы қайыр сұрап жүрген жоқ қой".

"Бұл жүгері ғой... Өлтіре жаздады ғой... Бұл қандай мемлекет өзі?".

"Оның жанында басқа қылмыскерлер болған жоқ па? Ол отбасын асыру үшін еңбектеніп жүрген шығар".

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети