14 мамыр 2018 | 16:00

Алматыда сел жүрді

©Tengrinews.kz

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақсай шатқалы. Тексеріс кезінде қатты жауын-шашын салдарынан Қызылжар өзенінде сел жүргені анықталды. Сел жүруі салдарынан автожолдар жабылған. Су асфальт бойымен ағып жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайды жою мақсатында жеке құрам жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖК өкілдері.

Реклама
Реклама


© Талғар ауданындағы сел

Сондай-ақ, қатты жауын-шашын салдарынан Алматы облысындағы Талғар ауданында да сел жүргені айтылады.

Оқиға орнында кезекшілер жұмыс істеп жатыр. Жергілікті атқарушы органдары төтенше жағдайды жою және автожолдарды уақытша жою мәселесіне қатысты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, осыған дейін елімізде алдағы үш тәулікте жаңбыр жауатыны хабарланған болатын.  "Қазгидромет" мәліметінше, атмосфералық бұлттардың салдарынан алдағы үш тәулікте бұлтты ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная