14 мамыр 2018 09:53

Елімізде алдағы үш тәулікте жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Ақтөбе мен Қызылордададан басқа өңірлерде бұлтты ауа райы болады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Алдағы күндері Ақтөбе мен Қызылордададан басқа өңірлерде бұлтты ауа райы болады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Жалғасы
Алматыда сел жүрді

Ведомство мәліметінше, атмосфералық бұлттардың салдарынан алдағы үш тәулікте бұлтты ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.

Ақтау

Ақтауда 14-16 мамыр аралығында көшпелі бұлт, ауа температурасы күндізгі уақытта  +26...+28 градус, ал түнде +15...+17 градус болады.

Ақтөбе

Ақтөбеде 14-15 мамырда ашық ауа райы күтіледі. Біраұ 16 мамырда көшпелі бұлт болуы мүмкін. Ауа температурасы күндізгі уақытта +20...+23 градус, ал түнде +3...+7 градус болады.

Атырау

Үш күн бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +20...+27 градус, түнде +14...+17 градус аралығында болады.

Жезқазған

Күндізгі уақытта ауа температурасы  +15...+17 градустан +18...+20 градусқа дейін көтеріледі. Түнде ауа температурасы +3...+5 градустан +10...+12 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды

Қарағандыда 14 мамырда түнгі уақыттарда - 0...+2 градус салқын болады. Бірақ 16 мамырда ауа температурасы  +7 градусқа дейін жоғарылайды.

Қостанай

Қостанайда 14 мамырда күндіз ауа температурасы +18...+20 градустан +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Бірақ түнгі уақытта ауа температурасы 0...+2 градустан +5...+7 градусқа дейін жоғарылайды.

Қызылорда

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қызылордада ауа райы жылы болады. Ауа температурасы күндізгі уақытта +23...+26 градус, ал түнде +11...+13 градус болады.

Көкшетау

14 және 15 мамырда жауын-шашынсыз ауа райы болады. 16 мамырда ауа температурасы  +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Түнде ауа температурасч +5 градустан аспайды.

Павлодар

14 мамырда Павлодарда ауа температурасы - -1...+1, 16 мамырда қатты жауын-шашын болады, ал күндіз ауа температурасы - +17...+19 градус.

Петропавл

15 мамырда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы +8...+10 градусқа дейін төмендейді.

Семей

15 мамырда жауын-ашын болады.  Ауа температурасы күндіз +12...+17 градус, ал түнде 0...+2 градус болады.

Талдықорған

Алдағы үш күндері бұлтты ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз +15...+17 градус болады.

Тараз

Таразда алдағы үш тәулікте күндіз және түнде жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз +21...+24 градус, ал түнде  +8...+14 градус болады.

Орал

Алдағы үш күні бұлтты ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз +23...+25 градус, ал түнде +8...+11 градус болады.

Өскемен

15 мамырда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Ауа температурасы күндіз +12...+17 градус, ал түнде 0...+5 градус болады.

Шымкент

14 мамырда жауын-шашын мен бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +26...+28 градусқа жетеді.

Алматы

Алматыда үш күн жауын-шашын жауып, бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +19...+23 градус болады. 16 мамырда ауа температурасы  +7...+9 градусқа дейін төмендейді.

Астана

Бұлтты ауа райы болады. 15 мамырда жауын-шашын жауып, ауа температурасы +6...+8 градус болады. 16 мамырда күндізгі уақытта ауа температурасы +13...+15 градус болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети