23 шілде 2015 | 11:51

Алматыда сел кезінде тонау әрекеттері болған жоқ - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматыдағы сел кезінде тонау және басқа да қылмыс деректері тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы сел кезінде тонау және басқа да қылмыс деректері тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

"Оқиға орнында Ішкі істер департаментінің 500 қызметкері жұмыс істеп жатыр, бақылау пункттері орнатылды. Қоғамдық көліктер оқиға орнынан бұрып әкетілді. Сел кезінде тонау және басқа да қылмыс деректері тіркелген жоқ", - деді Әзірбек.

Сонымен қатар, ІІД эвакуация кезінде ұйымдасқан түрде үйлерін тастап кеткен жергілікті тұрғындарға алғыс айтты. Әзірбек оқиға орнында автомобильдердің кептелісі болғанын атап өтті. Оқиға орнында реттеушілер жұмыс істеп жатыр, олар арнайы техникалық көліктерге жол ашу үшін негізгі жолды босатып жатыр.

Еске сала кетейік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзен суының деңгейінің көтерілгендігі жайлы хабар түнгі сағат 03.00-де түсті. Екі ауылды су басты - Қарғайлы және Каменка. Суды шлюз арқылы арнаға түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Су бөгеті жарылған жоқ. Қазіргі уақытта су екі шлюз арқылы ағып жатыр. Жақын маңдағы елді мекеннің тұрғындары эвакуациялау жұмыстары жүру үстінде. Су бөгеті жарылған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, ТЖД қызметкерлері және әкімпдіктің өкілдері жұмыс істеп жатыр - шамамен 440 адам. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети